Текст
Бүгін Степняк қаласының №1 мектебінің базасында терроризмнің алдын алу, терроризм қаупі төнген кездегі әрекеттер туралы семинар-кеңес өткізілді. Біржан сал ауданының РМО, білім бөлімінің өкілдері, қалалық мектептердің, музыка мектебінің, оқу-өндірістік комбинатының, Үлгі ауылының ООО, Күншуақ бөбекжай-бақшасының басшылары және білім беру ұйымының күзетшілері қатысты. Семинар-кеңес барысында ақпараттық тарату материалдары ұсынылды.Күзетшілердің, оқытушылар құрамының Террористік актісін жасау кезіндегі іс-қимыл алгоритмі түсіндірілді. Семинарды ішкі саясат бөлімінің бас маманы И. Хадиев өткізді.